Балаға ат қою», бесікке бөлеу, тұсау кесу, сәукеле кигізу.

Скачать файл



Қазақ халқының салт-дәстүрі «Балаға ат қою», бесікке бөлеу, тұсау кесу, сәукеле кигізу.

Мақсаты: Жас ұрпаққа бала тәрбиесіне байланысты халықтың салт-дәстүрлерін насихаттау,өз халқының әдет-ғұрыптарын дәріптеуге, құрметпен қарауға баулу,мейірімділікке,көпшілдікке,өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Өткізілу формасы: Сахналық қойылым

Жабдықталуы: Қазақтың кигіз үйінің көрінісі, үй жиғаздары, бесік, дөңгелек жер үстел, домбыра.

Барысы:

Сахнада атасы мен әжесі және қонақ жігіт дастархан басында жайғасып қымыз ішіп отыр.

Балалар жүгіріп кіріп:

-Әже, әже сүйінші, мен қарындасты болдым.

-Алақай, енді менің сіңілім бар! Әже, мен оны ойнатып, шашын өріп беремін.

-Менің қарындасым. Бөпе менікі!

Әже:

-Өркендерің өссін, шырақтарым. Тәуба, тәуба! Тфә, тфә, тіл көзім тасқа деп сүйіншілерді таратады.

Балалар:

-Ата, есімі кім болады?

-Мен қояйыншы, сіңілімнің есімін?

-Жоқ, мен қоям!

Әже:

-Отағасы, немереңіздің атын кім қоясыз?

Ата:

-Балаға ат қою – халқымыздың ежелден келе жатқан салты. Дәстүрімізді сақтайық. Ауылымыздың құрметті ақсақалы Оразалыға қойғызайық. Орекеңдей ақылды, дана, елге сыйлы болсын! Қазан көтер, немереме есім берейік!

Әже:

-Аталарың дұрыс айтады шырақтарым, мен қазан-ошақ жаққа барайын. Құлындарым-ау, жүріңдер. Әжелеріңе көмектесіп жіберіңдерші.

Балалар:

-Әрине, әжетай!

Әже:

-Құлындарым менің! Қолқанаттарым менің!

Бәрі шығып кетеді.

Ата:

-Ал, шырағым. Бүгін өзі тамаша күн болғалы тұр. Күмбірлетші қанекей, қос ішекті!-деп қонақ жігітке айтады

КҮЙ орындалады

Күй орындалып біткен соң, сахнаға көп қонақтар келіп кіріп, жайғасады.

Барлығы:

-Немереңіздің бауы берік болсын, деп кіреді.

Оразалы: Амансыз ба, замандас?

Атасы: Аманбыз Аманбыз! Қош келдіңдер!

Ата: Ал, қауым, бүгін немеремізге ат қойғалы отырмыз. Ат қоюды замандасым Оразалыға бермекпін. Алып келіңдер немеремді!

Жүргізуші: Ат қою салты туралы түсінік береді

Апа, келіні, барлығы немересін алып келеді.

Әжесі баласын ұстап тұрады, Оразалы ақсақал:

Оразалы: «Сеннің атың – Ажар болсын, атың – Ажар болсын атың – Ажар болсын», — деп 3 рет қайталайды. Я, жаратқан! Бүгінгі есім берген сәбиімізге ұзақ өмір нәсіп ете гөр. Енді сәбиімізге қол жайып, бата берейік!

Бата:

Бақытты бала болсын,

Ақылды дана болсын.

Аман сау өсіп ер жетіп,

Ата-анасына пана болсын!

Пейілі кең болсын, айтқаны жөн болсын.

Қадамы оң болсын.

Бесігінің түбегі даңғыр қақсын,

Жөргегін сан құрғатсын.

Жаялығы аңқи берсін,

Уілдеп шалқи берсін.

Атына сай Ажарлы болсын,

Жүрген жері базарлы болсын!

Сәбиімізге жан тимесін.

Аман-сау болып ер жетсін,

Ақ әже болып төрлетсін!

Әумин!!!

Атасы : Бәрекелді, құтты болсын! Ажарымыздың өмір жасы ұзақ болсын!

Әжесі: отағасы Оразалы ақсақалға не береміз?

Атасы: Ат мінгіземін!!

Әжесі: Шырақтарым аталарыңды дастарханға шақырыңдар!!

Келін: Жүрініздер! төрлетіңіздер!

Әжесі:

-Сәбиімізді бесікке салайық!

Бесікке бөлеу салты жасалады.

Бесікті үлкен келін алып шығады. Апаны сахнаға алып шығады.

/тыштырма рәсімі/

Рәсім туралы түсінік беріліп өтеді

Әжесі: Ал енді нағашы апасы немереңізді бесікке бөлеуді өзіңізге тапсырайын!

Бесікке салу рәсімі туралы түсіндіріп кетеді

Әжесі: Ал енди нағашы апасы немереңізді бесікке бөлеп бесік жырын айтыңыз! Бесік жыры қосылады

Салт орындалып біткенде әжесі:

Енді Ажарымыздың қырқынан шығару рәсіміне жиналайық деп, рәсімге қатысқандарға, орамал тон болмайды, жол болады деп сыйлықтарын таратады.

Әжесі: Тоймызды бастамас бұрын Нағашы жағынан бір қонақ кәде сұрайық!

Ән орындалады:Мағжан Ақерке,«Көзіңнің мөлдірін-ай»

Бесік құда

Құдағи: Амансыздарма! Немерелі болып жактыр екенсіздер, Құтты болсын!!

Әжесі: Иә,рахмет.Төрлет төрет қарақтарым.

Құдағи: Біздің келу себебіміз қазақ дәстүрі бойынша бесік құда деген бар.Сіздерде қыз бар бізде ұл бар дегендей….

Үлкен келін: Бұл көрші ауылдың үлгілі отбасыларының бірі.Бұл кісілерде де қуаныш бар,ұлды болды!!

Әжесі: Иә, жөн жөн…..

Құдағи: Құдалықтың бір белгісі ретінде үкі тағып кетейін,ал мына сырғаны кішкене өсіп-жүгіргенде құлағына тағарсыздар!!

Жүргізуші: түсіндірме «Бесік құда» салты

Әжесі: Бәрекелді, тойымыз тойға ұласып жатыр күмберлетші қане домбыраңды құдаша қыз!

Ән: Дәулетбекова Айерке «Ақтамберді толғауы»

Сахнадан бәрі шығып кетеді

Жүргізуші:тұсау кесу туралы түсінік беру

Сахнада атасы мен әжесі, қонақтар отыр.

Атасы:

Қонақтар, бүгінгі Ажардың тұсау кесу тойына хош келдіңіздер!

Әжесі:Баланың тұсауын атам қазақ көп жасаған, жүрісі ширақ, жүйрік, пысық адамға кескізген. Сондықтан, ырымдап, Дәмеш апамызға кескізейік деп отырмыз.

Дәмеш апа: Өзіңіз кесіңіз,өзіңіз сияқты жүйрік болсын,өзіңізге тартсын!

Ләззат апа: Баланың тұсауын кеседі де, «Қаз қаз балам қаз балам» әнін орындай отырып баланы ақ жаялықтың үстімен жүгіртеді.

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам!

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың,

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер.

Қыз-келіншектер: бата беріңіз бата беріңіз.

Атасы: Баламыздың басқан қадамы нық болсын!

Жүрген жері береке мен құт болсын

Өмір жолы ұзақ болсын

Қадамына нұр жаусын

Жолы ақ болсын,

Басына бақ қонсын!

Әжесі: Шашу шашады. Қолыңыздың ақтығы деп Дәмеш апаға сыйлық береді. Барлығын тойға шақырады. Барлығы мәре –сәре болып сахна сыртына кетеді.

БИ. ҚАРАЖОРҒА.

Сахнада қыз ұзату салты.

Жүргізуші: түсіндіру «Сәукеле кигізу» салты

Үлкен келін: Міне сен де құлыным бой жеттің! Тұрмыс құрамын деген ойың бар, өз теңіңді тауып отау құрамын деген екенсің, жұбыңның отбасына балдай батып судай сің, жолың болсын құлыным!

Жүргізуші: "сыңсу" туралы түсіндірме.

Осы жерде сыңсу айтылады Ажар өз отбасы мүшелерімен қоштасып, басын иеді, ақ жаюдың үстімен жеңгелерінің жетегімен артына қарамай кетіп келесі жаққа өтеді. Ол жақта күйеу жігіттің жеңгелері оған сәукеле кигізеді.

Қыздың құрбылары бимен алып келеді.

Жігіттер «Ақ отау» әні

ӨЛЕҢМЕН АЯҚТАЛАДЫ.

Добавить комментарий