?аза? тілі ашы? саба?

Скачать файл



«Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ

Ұясбаева Гүлжан Айтқұрманқызы

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.

Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Оқушыларға зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы мағлұмат беріп, сұрақтарын игерту, тапсырмаларды дұрыс орындауға дағдыландыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Пәнге деген қызығушылығын дамыту.Өз бетінше жұмыс орындауға баулу.

3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдер:түсіндіру,сұрақ- жауап, көрнекілік,өзіндік жұмыс,топтық жұмыс.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, ана тілі

Көрнекіліктер: Алтын қақпа макеті, суреттер, үлестіпме, жұлдызша (бағалау).

Барысы:1 Ұйымдастыру кезеңі.

a) Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ә) Кезекшілер сөзі.

2.Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн болсын!

Сәрсенбі күні,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік баға болсын!

— Бүгінгі сабаққа жақсы, жайдары көңіл күймен қатысайық.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

a) 339 жаттығу. Берілген сөздердің ішінен жалқы есімдерді теріп жаз.

Ақтөс, Жайық, Баянауыл, Абай.(жауап берген балаларға жұлдызша беру)

4. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ойын сабақ түрінде өтеді. Ол үшін алдымен мына ребусты шешіп алайық . «Алтын қақпа» сөзі шығады. Бүгінгі сабағымыз «Алтын қақпа» ойыны арқылы өтпек. Ол үшін біз әр қақпа тас, күміс, алтын және алтын сандықтың тапсырмасын қатесіз орындасақ олар ашылып келесі айналымға өтіп отырамыз. Алдымен «Тас қақпа» тапсырмасы сұрақтарға жауап беріп, жаңа сабақты түсініп алайық.

-Зат есім дегеніміз не?

— Жалқы есімнің ережесі?

— Жалпы есім дегеніміз не?

— Ал енді мына суреттерге назар аударайық. Суреттен не көріп тұрмыз? Балапан мен қыздардың санын анықтау және оларға сұрақ қою. Егер бір зат болса оған кім? не? Деген сұрақ қойылады ол заттың жекеше түрі болады. Ал екі немесе одан көп болса кімдер? нелер? Сұрақтар қоямыз.

— Осы суреттер арқылы ережесін қорытып шығару.

Дәптермен жұмыс.

а) Күн ретін жазу.

ә) Көркем жазу минуты.

— Тас қақпаның тапсырма жаңа сабақты меңгердік, енді жаттығу жұмыстарын орындайық.

— Оқулықпен жұмыс.

— « Күміс қақпа» тапсырмасы

343 жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің астын сыз. Бұл сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстыр. Не байқадың? Өлеңді дауыстап оқыту, авторын туралы мәлімет беру.

— Әнуарбек Дүйсенбиев 1931 жылы Алматы облысы, Қарақастек атты тау етегінде дүниеге келген. Балалар ақыны, «Сыйлық», «Не деу керек?», «Қайырлы таң балалар» өлеңдері бар.Әнуарбек Дүйсенбиевтің өлеңдер жинағы қырғыз, татар, украин тілдерінде де басылып шыққан.

Біздің ғалым ағалар,

Біздің ғалым апалар.

Ашты жолды аспанға,

Әлі ұшамыз алысқа.

Алыс Айға, Марсқа.

-Аспан әлемін зерттейтін адамды кім дейді? Ғарышкер

-Қазақтан шыққан ғарышкерлер кімдер? Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, А. Айымбетов. Мәлімет беру.

Келесі қақпамыз «Алтын қақпа» оның екі тапсырмасы бар. Өзіндік жұмыс ретінде 345 жаттығу ребусты шешу. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау.

Инеліктер.

Суретін көрсету,оның қай жерде болатынын айту, сұрақ қою:

— Инелік қайда тіршілік ететін жәндік?

Тағы бір тапсырмасы 344 жаттығу көптік жалғауларының тиістісін қойып жаз. Көпше түрдегі зат есімнің астын сыз.

Ауданда суретшілер жарысы өтті. Балалар сурет салуды жақсы үйренген. Жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды.

-Енді келесі кезеңіміз «Алтын сандық» тапсырмалары. Сандықтың тапсырмалары топпен жұмыс және үлестірмемен жұмыс жасаймыз.

346 жаттығу. Топтық жұмыс. Берілген көптік жалғаулары жалғанатын сөздер тауып жаз. Неліктен сол сөзді жазғаныңды дәлелде.(гүл күлтелеріне сөз жазу). Балалар шығып, оқып талдайды.

Үш топтан гүлдерінің қандай фигуралардан құралғанын сұраймын.

-Неліктен шаршы, үшбұрыш деп аталады?

— Сабақты қорытындылау. Зат есімнің жекеше және көпше түрлерін қаншалықты меңгергендіктеріңді білу үшін үлестірме таратамын. Берілген сөздерді топтаймыз жекеше және көпше деп жазылған қалташаларға саламыз. Сөздерді оқимыз, сұрақ қоямыз.

— Бүгінгі алтын қақпа ойынының барлық тапсырмаларын орындадық. Ойын ұнадыма? Сондықтан бір- бірімізге қошемет білдіріп қояйық.

«Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнаймыз. Мен қазір бір сөз айтамын сол сөздің соңғы әрпінен басталатын кет қана зат есім сөз айтамыз. Мысалы: Кітап соңғы әрпі п-дан басталатын зат есім сөз айтамыз.

Үйге тапсырма: 347 жаттығу (түсіндіру) хабарландыру жазудың бір үлгісін көрсету. Ереже жаттау.

Бағалау. Жұлдызшалары бойынша.

Добавить комментарий